Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ДАИШ қатарында болған 14 қазақстандықты тергеу аяқталды

ДАИШ қатарында болған 14 қазақстандықты тергеу аяқталды

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz — Тергеу нұсқасы бойынша Сирия жағдайында ДАИШ-тің бір жасағында болған 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

"Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды. Қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, комитеттің хабарлауынша, "Жусан" операциясы аясында Сириядан 595 қазақстандық азамат қайтарылды, олардың ішінде 400-ден астамы - балалар. Қайтарылған адамдардың қатарынан он ер адам мен бес әйел қазірдің өзінде ДАИШ халықаралық террористік ұйымының қызметіне қатысу фактісі бойынша бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзіміне сотталған.

Похожие материалы