Экономика
Выбор редактора
“Даму” қоры бизнесті қолдауға арналған жаңа бағдарламаларды іске қосты
“Даму” қоры кәсіпкерлікті қолдау мақсатында екі жаңа бағдарламасын бастады. “Даму Бизнес” деп аталатын бірінші бағдарлама кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталса, екінші бағдарлама стартап жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Бағдарлама аясында жас кәсіпкерлерді кешенді оқыту мен практикалық қолдау қарастырылған деп жазады Kapital.kz.
“Даму Бизнес” бағдарламасы арқылы жаңадан кәсіп ашқандарға жылына 10,5 пайызбен 8,5 жыл мерзімге 20 млн теңгеге дейін несие беріледі. Сонымен қатар, айналымдағы қаржыны толықтыруға немес бизнес несиесін қайта қаржыландыруға жеңілдетілген несиелер қарастырылған.
Алдын ала болжам бойынша алдағы 8,5 жылда “Даму Бизнес” бағдарламасы арқылы шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің саны 1200-ге жетпек. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын 2,4 мыңға көбейтіп, бюджетке түсетін салық түсімдерін 21 млрд теңгеге жеткізбек.
Ал, стартап жобаларды қаржыландыратын екінші бағдарламаларға 18-29 жас аралығындағы келешегінен үміт күттіретін бизнес идеялары бар жастар қатыса алады. Идеяларын қолдау мақсатында жоба иелерін арнайы кәсіпкерлік курсында оқытады. Курстан өткендерге өз бизнес идеяларын қорғауға мүмкіндік беріледі. Арасынан 10 үздік идея іріктеліп, идеяның іске асуына қаржылай қолдау көрсетіледі.
Қос бағдарламаны қаржыландыру қордың өз есебінен жүргізіледі. Сондай-ақ бағдарлама аясында “Бизнес идеялар марафоны” конкурсында жеңімпаз деп танылған бизнес жобаларды қолдауға басқа да қаржы көздерін іздестіру қарастырылған.