Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

 «Даму» қоры мен Қарағанды облысы шағын және орта кәсіпкерлік үшін 2 млрд теңге бөледі

 «Даму» қоры мен Қарағанды облысы  шағын және орта кәсіпкерлік үшін 2 млрд теңге бөледі

Қарағанды. 27 сәуір. 7kun.kz - Аталған Меморандумға «KaragandaInvest 2016» IV Халықаралық инвестициялық форум аясында қол қойылып отыр. Құжат бойынша аймақтық шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін  Қарағанды облысының әкімдігі 1 млрд теңге, «Даму» Қоры 1 млрд теңге бөледі. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы босатылады. Бағдарламаға қатысушыларға салалық шектеу қойылмайды. Несие айналымдағы қаражатты толықтыру мен құрал-жабдықтарды жаңғыртуға деп бөлініп отыр.

Қаржы 100 млн теңгеге дейін беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8,5 %. Мерзімі 60 айға дейін. Аталған бағдарлама аясында қаржыландыруға қол жеткізген кәсіпкерлер банкке кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, «Даму» Қорының кепілдемесін пайдалана алады.

Биылғы жылдың басынан бері «Даму» Қоры Астана қаласы әкімшілігімен 2 млрд теңге, Алматы облысының әкімшілігімен 3 млрд теңге, Батыс Қазақстан облысы әкімшілігімен 1 млрд. теңге, Маңғыстау облысы әкімшілігімен 900 млн теңге, Қызылорда облысы әкімшілігімен 1,5 млрд теңге және Қостанай обылысы әкімшілігімен 1 млрд теңгенің меморандумына қол қойған.

2009 жылдың желтоқсан айы мен 2015 жылдар аралығында Қор аймақтық қаржыландыру бағдарламаларына деп екінші деңгейлі банктерге  9,7 млрд теңге салса, оның 4,5 млрд теңгесі әкімшіліктердің қаражаты.

Форум аясында «Мерей Медициналық фирмасы» ЖШС жаңа эндокринологиялық орталығының ашылуы жоспарланған. Орталық диабетті ерте анықтауға мүмкіндік беретін заманауи құралдармен жабдықталған. «Мерей» диагностикалық орталығының серіктесі – құралдарды қалыпты жағдайда ұстап тұруға кепілдік беретін америкалық клиника. Бұл компанияны «Даму» Қоры 2010 жылдан бері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдап келеді. Субсидияланған несиенің жалпы сомасы 300 млн теңгеден асады. Сонымен қатар, компания өңірде өте қажетті – гемодиализ аппаратымен де жабдықталған. Қарағанды бойынша «Мерей Медициналық фирмасы» ЖШС 3 клиникасы бар. Қызметкерлер саны – 99.

Похожие материалы