Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Даму" қоры шағын және орта бизнесті қаржыландыру үрдісіне өзгерістер енгізбек

"Даму" қоры шағын және орта бизнесті қаржыландыру үрдісіне өзгерістер енгізбек

"Даму" қоры шағын және орта бизнесті қаржыландыру үрдісіне өзгерістер енгізбек. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын бизнесті қолдауға арналған "Кедергілерді жою: кәсіпкерлік таланттарға жол" атты конференция кезінде "Даму" қорының шағын және орта бизнесті дамыту бойынша Департаментінің директоры Нұрлан Ақшанов мәлімдеді.

" "Даму" қоры несие беру туралы шешімді банктерден кейін ғана қабылдайды. Кейбір орта және шағын бизнес жобалары бізге келместен, ысырылып қалып жатады. Енді біз бизнес моделін бағалау рейтингін анықтау үшін жұмыс істеп жатырмыз.  Егер бізде бизнес моделін бағалау рейтингі болса, бірден несие алушыны осы жүйеден тексеріп, біз банкке қажетті көлемде қаржыландыруға кепілдік  береміз. Біздің кепілдігімізді көргеннен кейін, ол таңдаған банк керекті сомада несиені береді", -деді ол бұл туралы.

Сондай-ақ,  ұлттық экономика министрлігімен біріге отырып, қаржыландыруға қол жеткізу үшін қажетті құжаттарды ғаламтор арқылы алуға болатын жобаны дайындап жатқандығын да атап өтті.

"Қазірдің өзінде мемлекеттің қолдау тек "таңдаулыларға" арналған, оның ішінде "Дамудың" қызметкерлерінің ғана қолы жетеді деген стеоротиптер бұзылып жатыр. Жақында ғана Батыс Қазақстан облысындағы елдімекеннен несиелендіруге өтініш берген жоба келіп түсті. Несиелендіру құны - 5 млн, сақтандыру құны бар болғаны - 578 мың теңге. Ол туыстарына барып, қаржы сұрап өтінген жоқ. Керісінше, біздің механизміміздің жұмыс істейтініне сеніп, өзіне қажетті қолдауға ие болды.  Егер  қаржыландыру бағдарламасы аймақтарға дейін жететін болса, біздің де, әкімшіліктердің жұмыс істеп жатыр деген сөз", -деп атап өтті Н.Ақшанов.

 

Похожие материалы