Экономика
«Даму» Қоры «Үздік жылдық есеп» байқауында жеңімпаз атанды
Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz - Алматыда RAEX Рейтингтік агенттігінің сарапшылары үздік жылдық есеп дайындаған компанияларды марапаттады. Жеңімпаздар көшін «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры АҚ бастап тұр. Қор «Қаржылық саладағы үздік есеп» аталымы бойынша лауреат атанды деп жазады қаржы институтының баспасөз қызметі.
«Байқау жеңімпаздары 2016 жылы Қазақстанда жасалған ең үздік есептерді паш етуде. Көшбасшы компаниялар ақпаратты жоғары деңгейде ашып қана қоймай, сапалы ұсына білуді де көрсетіп жатыр. Бұл – есепті пайдаланушылардың сұранысына толыққанды жауап беріп, ең алдымен қызығушылық танытқан тараптарға маңызды хабар ұсынуға мүмкіндік береді. Қазақстан ғана емес, әлем бойынша ұжымдық есеп берудің негізгі алғышарты болып, мекеменің бейқаржылық тетіктерін жариялауға деген талаптардың көтерілуі саналады. Сондықтан да осы жылдан бастап құрылтайшылар «Тұрақты даму саласындағы қызметтердің нәтижесін сапалы аша білу» үшін жаңа аталып қостық»,
-деді жобаның ғылыми жетекшісі Василий Калабин
Салтанатты марапаттау барысында сөз алған «Даму» Қоры Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров: «Қаржылық саладағы үздік жылдық есеп» аталымы бойынша екінші жыл қатарынан жеңімпаз болғанымызға өте қуаныштымыз. Ең алдымен «Даму» Қорының ұжымын құттықтағым келеді. Сондай-ақ осы аталымды ұйымдастырған рейтингтік агенттік сарапшыларына да алғыс айтам. Біз Қор қызметі жайлы ақпаратты барынша ашық көрсетуге тырыстық. Әсіресе кәсіпкерлер үшін түсінікті болуын қалаймыз. Көрсеткіштеріміз жыл өткен сайын көтеріле береді деп сенемін»,
-деді.
2016 жылы байқауға 137 қазақстандық компания қатысты. Лауреттар қатарында:
- «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ,
- «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ,
- «KAZ Minerals» PLC,
- «Самұрық-Энерго» АҚ,
- «Орталық-Азия электроэнергиялық корпорациясы»,
- «KEGOC» АҚ,
- «Қарашығанақ Петролиум» АҚ,
- «ҚазМұнайГаз» АҚ,
- «НСК» АҚ,
- «ҚазАгроҚаржы»,
- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ,
- «ҚазМұнайГаз» бар.
Байқау 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында оған елдегі 100-ден астам ірі компаниялар қатысты. Есептерді бағалауға Қазақстан мен ТМД-ның белді сарапшылары мен шет елдік сарапшылар қатысады. Бұл байқау – жылдық есептердің рейтингі түзілетін жалғыз байқау. Мақсаты - инвесторлар мен қызығушылық танытқан тараптар үшін компаниялардың ақпаратын тиімді таныстыруға мүмкіндік беру болып табылады.