Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Даму» Қоры 5 жыл ішінде білім беру саласындағы 1400-ден астам жобаны қолдады

«Даму» Қоры 5 жыл ішінде білім беру саласындағы 1400-ден астам жобаны қолдады

Білім беру – Қазақстан экономикасының басымдық берілген салаларының бірі. Оны мемлекет біраз жылдан бері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы қолдап келеді. 2016-2020 жылдар аралығында дейін Қор жалпы несие сомасы 193,6 млрд теңгені құрайтын 1 863 жобаны қолдады. Осылайша, республика бойынша білім беру саласында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің жалпы санының 3%-ы «Даму» Қоры арқылы мемлекет қолдауына ие болды.

Мемлекеттік қолдаудың жарқын мысалы ретінде Шымкент қаласында орналасқан «Первый образовательный» ЖШС ашқан мектеп құрылысын айтуға болады. Ауқымды жобаны жүзеге асыру кезінде кәсіпкер несие алу үшін банкке жүгінгенде қаржы ұйымы кепілдік талап етті. «Даму» Қоры қарыз алушыға несие сомасының 50% мөлшеріне кепіл болды. Қазір кең әрі жарық жаңа ғимаратта 700-ден астам оқушы білім алып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Бескөл мектеп-колледжі» де кепілдігі жетпеген кезде Қордың осы қаржы құралын пайдаланды. Мемлекеттік қолдау бір мыңға жуық бала оқитын үш қабатты ғимаратты жөндеуге несие қажет болғанда берілді.

Білім беру саласындағы кәсіпорындар «Даму» қорының қызметі аясында 3 құрал бойынша қолдау ала алады. Біріншісі – банктен алынған несиенің пайызын субсидиялау. Бұл құралдың арқасында кәсіпкерлер қарызын 6%-бен төлейді. Айырмасын мемлекет «Даму» Қоры арқылы өтеп береді. 2022 жылдың басында осы құрал бойынша жалпы сомасы 175,5 млрд теңге болатын 1 189 жобаға қолдау көрсетілді. Екіншісі – кепілдік. Банк талап еткен кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда, кәсіпкер сұратқан несие сомасының 85%-на дейін Қор кепіл болады. Осы күнге дейін несие сомасы 40,4 млрд теңге болатын 626 жобаға кепілдік берілді. Үшінші құрал – жеңіл несие. Қаржы ұйымдарына шарттасып қаражат салу есебінен 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ШОБ-ты несиелеу үшін 504 кәсіпкер 21,4 млрд теңгеге қол жеткізді.

«Даму» Қорының қолдауын алған білім беру саласындағы жобалардың әлеуметтік-экономикалық нәтижесі жақсы. Бес жыл ішінде 1500-ден астам жұмыс орны ашылды. 17,9 млрд теңге салық төленді, 275,2 млрд теңгеге білім беру қызметтері көрсетілді. Осылайша, мемлекеттің бұл саладағы бизнеске салған әрбір 1 теңге субсидиясы бюджетке 3 теңге салық болып қайтты.

Бес жыл ішінде «Даму» Қоры қолдау көрсеткен жобалар арасында төленген салық мөлшері бойынша көш басында Алматы (6,7 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (3,3 млрд теңге ) және Түркістан облысы (1,9 млрд теңге) тұр.  Ашылған жұмыс орындары саны бойынша Маңғыстау облысы – 342, Нұр-Сұлтан – 293 және Түркістан облысы – 148 көш бастап тұр.

Түркістан облысындағы «Ер-Хансултан Kids» бөбекжай-бақшасы»  ЖШС мемлекет қаражатын сапалы игерудің бір мысалы десек те болады. Ата-аналар балаларын әсем жиһазы бар осы бақшаға қуана-қуана әкеледі. Ал ол жиһазды кәсіпкер мемлекеттің қолдауының арқасында сатып алған.

Атыраудағы «Тасеменов Б.С.» ЖК өз қызметін кеңейтіп, кәсіби тәрбиешілерді жұмысқа қабылдап, тағы біраз сәбиді мектепке  дайындау үшін қосымша ғимарат сатып алды. Мұндай ой «Даму» Қоры арқылы мемлекеттен қолдау алу мүмкіндігі туралы білгенде келген еді.

2020 жылдың соңында портфельдік субсидиялау мен кепілдік беру енгізілді. Білім беру саласындағы компаниялар жаңа өнімді қуана пайдаланды. Бұл бағдарлама бойынша шарттар өте ыңғайлы еді. 20 млн теңгеге дейінгі несие үш жылға дейін беріледі, кәсіпкер қарызын 6%-бен төлейді. Негізінен инвестиция және айналым қаражатын толықтыру үшін алуға болады. Бағдарлама іске қосылғаннан бері және осы уақытқа дейін 124 жоба 1 млрд теңгеге субсидия алды. Ақшаның  жартысы инвестицияға мақсаттарға, екінші бөлігі айналым қаражатын толықтыруға жұмсалған. Осы бағыт бойынша мемлекеттік қолдау алғандар арасында көш басында Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Алматы облысы тұр.

«Даму» Қоры жастарға білім беру ісін дамытуға өз үлесін қосып, жеке балабақшалар мен мектептердің қызметіне қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Бұл – ел экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына қосқан үлес қана емес, ең алдымен, адамдардың өмір сүру сапасын арттыру», - деп атап өтті «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.

Жекеменшік білім беру мекемелерін мемлекеттік қолдау құралдарына сұраныс мол. Соңғы бес жылда мұндай мүмкіндікті пайдаланған жобалар саны 4 есеге артып, 2021 жылы 641 жобаға дейін жетті.

Похожие материалы