Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Даму" Қоры: Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуға 213,4 млрд теңге бөлінді

"Даму" Қоры: Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуға 213,4 млрд теңге бөлінді

Алматы. 10 маусым. 7kun.kz - Алматы облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 1060 жоба қаржыландырылды. Бұл туралы «Жетісу Инвест -2016: Жібек жолының өркендеуі арқылы жаңа мүмкіндіктерге» халықаралық инвестициялық форумында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қаныш Тулеушин мәлімдеді.

Жалпы жобалар құны - 213,4 млрд теңгені құрады. Бағдарлама аясында 153 тамақ өнеркісібі жобасы (43,3 млн теңге), 171 ауыл шаруашылық жобасы (35,1 млн теңге), 12 балабақша (331 млн теңге), 36 клиника (1523 млн теңге), 107 транспорттық-логистикалық компания (25,03 млн теңге),  16 жиһаз цехы (251 млн теңге), 33 қонақ үй (7204 млн теңге), 50 құрылыс материалдар зауыты (9702 млн теңге) қаржыландырылды.

Сондай-ақ, индустриалды-иновациялық даму бағдарламасына кірмейтін кәсіпкерлерлікті қолдау бойынша 564 жобаға 13,6 млрд теңге бөлінді.

Форумда Қуаныш Тулеушин 2015 жылы Алматы облысы әкімдігі мен "Даму" қоры арасында  аймақаралық шағын және орта бизнес субьектілерін қаржыландыру бағдарламасы бойынша 500 млн теңге бөлу туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті.

Похожие материалы