Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалы мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен қалалық кәсіпорындар бойынша баспасөз-турын өткізді.
«Аймақ құрылысы» ЖШС 2002 жылы құрылған, оның негізгі қызметі – темір бетон және бетон конструкциялары мен өнімдерін өндіру болып табылады. Жылдық 6% мөлшерінде «Даму-Өндіріс» өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы бойынша несие қаражаты шикізатты (қиыршық тас, арматура, цемент) сатып алу үшін айналым қаражатын толықтыруға бағытталған.
Компанияның өзінің теңгерімінде кірме теміржол мен сақтау қоймалары бар ауданы 10 га өндірістік базасы бар. Кәсіпорынның негізгі қызмет түрлері тауарлық бетонды, құм блоктарын өндіру, цемент пен құрылыс материалдарын сату болып табылады.
Базаның Хопер цемент-тасығыштарынан тиелетін цементті тиеу бойынша арнайы бекеті, сыйымдылығы 600 тонна шұңқыр, сыйымдылығы 2000 тонна тиелетін цементті сақтауға арналған арнайы қоймасы бар.
Сондай-ақ, сағатына 20 тонна өнімділігі бар цементті клапанды қаптарға қаптау үшін арналған бөлшектеп өлшеу машиналары бар. Тауарлық бетон 2007 жылы шығарылған өнімділігі сағатына 40 м³ бетонды компьютерлік басқарумен БСУ-1000 қондырғысында өндіріледі. Бетонды жеткізу үшін жеті бетон тасығыш миксерлер бар. Жұмыскерлердің орташа жылдық саны - 145 адам.
ЖК Құсанова С.Ж. ұзақ уақыт бойы балабақша әр баланың дамуында шын мәнінде маңызды тармақ болып табылады және қызметкерлердің жоғары деңгейі мен біліктілігі әрбір балаға жеке көзқарас табу мүмкіндігін береді деп санайды.
Біздің елде бірнеше жылдан бері жекеменшік балабақша ашуға шешім қабылдаған кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалып келеді - 2012 жылдан бастап бұл қызметті лицензиялауға жатпайды. Ақмола облысы бойынша «Даму» қорының қолдауымен кәсіпкер Сауле Құсанованың 52 орынға арналған «Сәулетай» жеке меншік балабақшасын ашу туралы бизнес идеясы жүзеге асырылды.
Кәсіпкер «Сбербанк» АҚ ЕБ «Еңбек» Жемісті жұмыспен қамту және жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жылдық 6% мөлшерінде жеңілдік сыйақы мөлшерлемесі бойынша несие алды.
Кәсіпкердің жеке ғимараты бар болды, қарызға алынған қаржыға жөндеді, жиһаз сатып алды, ауланы және ойын алаңдарын жабдықтады. 2018 жылдың сәуір айында «Сәулетай» жеке меншік балабақшасы алғашқы тәрбие алушыларды қабылдады. Бүгінде балабақшада 10 адам жұмыс істейді, үш топ бар, бірақ балаларды жинау жалғасуда.
Сондай-ақ, «Еңбек» Жемісті жұмыспен қамту және жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында көрсетілген қолдау шараларының арқасында ЖК Халиков Амир - «TheBeze» отбасылық кофеханасы «ForteBank» АҚ-дан несие және Қордың 60 айға жылдық 6%-бен 18 млн көлемінде кепілдік алды.
Отбасылық форматтағы кофехананы ашу идеясын іске асыру үшін клиент өзінің автомобилін сатты, үй-жайды жалға алып, жөндеу жұмыстарын бастады.
Содан кейін ол инвестицияларды тарту туралы ақпаратты зерттей бастады, осылайша ол кәсіпкерлерді қолдау және «Даму» қоры туралы білді. Кәсіпкер «ForteBank» АҚ-на 2017 жылдың желтоқсан айында өтініш білдіріп, 2018 жылдың ақпан айында несие алды. Несие қаражаттарына жабдықтар мен жиһаздар сатып алынды.
«Менің бизнесім үшін «Даму» қоры арқылы несиелендіру, әрине, өте жақсы қолдау болды, бірақ несиені уақытында өтеу үшін және бизнесті одан әрі дамыту үшін көп күш салу қажет. Ең бастысы - дұрыс орынды таңдау, өзінің мақсатты аудиторияңды нақты көрсету және өз жұмысыңызды тиімді орындау, себебі қанағаттанған тұтынушы кез келген кәсіпкер үшін ең жақсы жарнама болып табылады », - деп ой бөлісті Амир Радмирович.
Мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындар бойынша баспасөз-турының соңында аймақтық филиал қызметкерлері Ақмола облысы бойынша «Даму» қорының қызметі туралы, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында Ақмола облысы бойынша «Даму қорының» аймақтық филиалының директоры Руслан Ахметов «Даму» қорының негізгі қызмет бағыттарымен - кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету, кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру және консультациялық қызметтер көрсетумен таныстырды.