«Даму» Қоры шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағдарламаларын енгізеді
«Даму» Қоры шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағдарламаларын енгізеді.Бұл жайында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Брифинг барысында қор басшысы 2016 жылдың 4 айы ішіндегі бағдарламалардың жүзеге асуы жайын баяндады.
2016 жылдың 1-сәуіріндегі есеп бойынша Екінші деңгейлі банктерге қор жинау бағдарламасы аясында 19 298 адам несие алған. 2016 жылдың 4 айы ішінде 35,7% артып, несие алушылар саны 1 140-қа жеткен. Өткен жылы осы уақытта 840 борышкер тіркелген болатын. 2016 жылдың бірінші сәуіріндегі есеп бойынша несиелердің жалпы сомасы 1 трлн 253 млрд теңгені құрады. 4 ай ішінде 34% артып, өткен жылғы осы уақытпен (59,6 млрд теңге) салыстырғанда 80 млрд теңгеге көтерілді.
2016 жылдың 16-мамырындағы есеп бойынша Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасы бойынша 7 369 шарт жасалған. 2016 жылдың 4 айы ішінде 29,4% артып, жобалар саны 550-ге жеткен. Салыстырар болсақ, өткен жылы осы уақытта 425 жоба тіркелген болатын. Несиелердің жалпы сомасы 1 трлн 414 млрд теңге. Яғни 3,4% артып, өткен жылғы осы уақытпен (46,8 млрд теңге) салыстырғанда 48,6 млрд теңгеге көтерілді.
2016 жылдың 16-мамырындағы есеп бойынша, банкке кепілзаты жетіспеген жағдайда несиелерге кепілдеме беру бағдарламасы бойынша кепілдеме шарттарының саны 1 886-ға жеткен. 2016 жылдың 4 айы ішінде 74,8% артып, шарт жасаушылар саны 220-ға жеткен. Салыстырар болсақ, өткен жылы осы уақытта 131 кепілдеме шарты тіркелген болатын. 2016 жылдың 16-мамырындағы несиелер сомасы 71 млрд теңгені құрады. 4 ай ішінде 21,3% артып, өткен жылғы осы уақытпен (4,6 млрд теңге) салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге көтерілді.