Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Даму» қоры мен банктер Ұлттық қордың 50 млрд теңгесін игерді

«Даму» қоры мен банктер Ұлттық қордың 50 млрд теңгесін игерді

«Даму» Қоры мен екінші деңгейлі банктер ҚР Ұлттық Қорынан отандық тауар өндірушілерге деп бөлінген қаражаттың үшінші траншын толық игерді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.  

"Өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру бағдарламасына қатысқан екінші деңгейлі 13 банк өткен жылғы наурыз айында ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген 50 млрд теңгенің толық игерілгенін хабарлады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ол бойынша, құны 50 млрд теңге болатын 347 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде 12,5 млрд теңгенің 109 жобасына айналымдағы қаржыны толықтыру мақсатында қаражат бөлінген. Сондай-ақ банктердің қарауында 4,1 млрд теңгенің 18 жобасы жатыр. Осылайша, ҚР Ұлттық Қорының бөлетін қаражатына сұраныс өте жоғары болып тұр.

Хабарламада айтылғандай, 2015 жылдың наурыз айы мен 2016 жылдың наурыз айы аралығында ҚР Ұлттық Қорынан қаражат алған кәсіпорындар 12,3 млрд. теңгенің салығын төлесе, 3,1 мың жаңа жұмыс орындары ашылған.

Аймақтар бойынша ең көп игерілген жобалар Оңтүстік Қазақстан облысының еншісінде. Мұнда  10,1 млрд. теңгенің 34 жобасы қаржыландырылған. Алматы қаласында 41 жобаға бөлінген 8,2 млрд теңге игерілген. Алматы облысында 4,7 млрд теңгенің 18 жобасына қаражат бөлінген. Астана қаласы бойынша құны 4,1 млрд теңге болатын 35 жоба қаржыландырылды. ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген қаражаттың ең аз бөлігі Жамбыл облысында игерілгені мәлім болды. Мұнда 781 млн теңге 10 жобаға бөлінген.

Сала бойынша қарастыратын болсақ, көшті тамақ өнеркәсібі бастап тұр (19 млрд теңге 133 жобаға). Одан кейін металлургия және машина жасау (53 жобаға 8,4 млрд. теңге). Құрылыс материалдарын шығару саласы үшінші орында (653 жобаа 6,7 млрд. теңге)

Похожие материалы