Алматы. 30 қараша. 7kun.kz – Таразда «Даму» қоры «Avenue» сұлулық салонына қолдау көрсетті.
Кәсіпкер Арыстанбекова Саида 2017 жылдың қараша айында «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Даму» Қорының қолдауымен Тараз қаласында сұлулық салонын ашу үшін коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алды.
2017 жылдың қазан айында кәсіпкер Қордың Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, кеңес алды, сондай-ақ «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігі туралы кеңес алды.
Осыдан кейін кәсіпкер құжаттарын жинап, «Халық банк» АҚ-на өтінім берді. Өтінішті қарағаннан кейін банк 18 150 000 млн теңге көлемінде қарызды, жылына 6%-бен, 60 ай мерзімге беруге шешім шығарды.
Кепілзат жеткіліксіз болғандықтан, кәсіпкер «Даму» Қорының 8 666 500 млн теңгелік кепілдігін пайдаланды. Қаражат сұлулық салонына комерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу үшін жұмсалды. «Арыстанбекова» ЖК 2016 жылы қазанда ЖК ретінде ресми түрде тіркелді.
Жеке кәсіпкер халыққа сұлулық қызметтерін ұсыну арқылы қызмет жасайды, салонның жалпы көлемі 32,6 шаршы метрді құрайды. Сұлулық салонда әйелдер, косметология және маникюр залдары жұмыс жасайды. Қызметкерлердің жалпы саны 9 адам құрайды, олар әр түрлі кесте бойынша кескімдеме жұмыс атқарады. Одан басқа салонда әр түрлі шашқа бояулар және аксессуарлар сатылады.