Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дамушы елдердің биржалық индекс қорларында қаражат жылыстауы байқалуда

Дамушы елдердің биржалық индекс қорларында қаражат жылыстауы байқалуда

Дамушы елдердің АҚШ биржаларында тіркелген акциялары мен облигацияларының биржалық индекс қорларында (ETF) қатарынан екінші апта бойына инвесторлар қаражатының жылыстауы байқалуда. Бұл Bloomberg агенттігінің мәліметтерінен белгілі болды.

Өткен аптаның ішінде осы ETF-терден инвесторлар $230,7 млн алып шығарған, бір апта бұрын - $221,3 млн. 2015 жылдың басынан emerging markets акиялар мен облигациялар ETF шамамен $1,81 млрд жоғалтқан. Дамушы елдердің акция қорлары өткен аптада $324,9 млн мөлшерінде инвесторлар қаражатының жылыстауын айқындаған, облигациялар қоры $94,2 млн тартқан. Өткен аптаның қорытындысы бойынша ең елеулі қаражат жылыстауы Оңтүстік Корея ETF болған - $172,5 млн, алдыңғы аптадағы түсім - $5,8 млн. Екінші орында Мексика - қаражат жылыстауы $99,5 млн жетті.  

Похожие материалы