Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz – Елімізде 1 жыл бұрын ең қымбат дәнді дақыл қарақұмық болған. Алайда бүгінде жағдай мүлдем өзгерген, деп хабарлайды energyprom.kz.
Сонымен, шілденің қорытындысы бойынша қарақұмықтың 1 келісі 256,5 теңге тұрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 29,7%-ға арзан. Нәтижесінде ең қымбат ботқа сұлу жармасынан жасалған ботқа болып шықты, оның 1 келісі 317 теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға қымбаттады.
Тарының келісі 215,9 теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға қымбат, ұнтақ жармасының келісі 214,1 теңгені құрады немесе +0,6%-ға қымбаттады. Ең арзан жарма арпа, оның келісі 169,3 теңгені құрап, құны 2,6%-ға өсті.
Қазақстан бойынша күріштің орташа бағасы келісі үшін 298,5 теңгені құрады немесе 1 жылда бағасы 4,4%-ға артты.
ҚР-да 7 айдың қорытындысы бойынша 46,2 мың тонна жарма мен ұн және 103,4 тонна күріш өндірілді.
Жалпы, қазақстандық өндірушілер ішкі сұранысты сенімді түрде жауып келеді және экспорттық әлеуетті де өсіруде. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өндіріс сектордағы сұранысты 95,9% қанағаттандырды, сонымен қатар импорт көлеміде шамалы артты - 4,6%.
Осы ретте, сыртқы нарықтарға жеткізілім 2018 жылдың қаңтар-наурызында бірден 26,4%-ға артты.