Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Даниал Ахметов Алакөлдегі демалыс орындарын жабу туралы тапсырма берді

Даниал Ахметов Алакөлдегі демалыс орындарын жабу туралы тапсырма берді

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz - Осы жазда Алакөлдің жағалауында демалуға тыйым салынады. Өйткені өңірдегі 147 туристік нысанның 139-ы санитарлық нормаға сәйкес тексерістен өтпеген. Емдік көлдің маңында қауіпсіздік талаптары да бұзылған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов демалыс науқаны кезінде ақша тауып жүрген кәсіпкерлерге ахуалды реттегенше көл жағасында жұмыс істеуге шектеу қойды. Ол Алакөлдің айналасынан құрылыс жүргізу үшін жер телімдерін беруге де тыйым салатын қаулы шағырған. Соған қарамастан, туризм саласындағы кәсіпкерлерге облыстан 550 млн теңге қаржылай қолдау көрсетіледі. Ол ақша жағалауды абаттандыру жұмыстарына жұмсалады.

«Ешқандай әлеуметтік жауапкершілік деген жоқ. Санитарлық тазалықты, жағалауды абаттандырайын дегенді ойлап жатқан адам жоқ. Бәрі науқан уақытында ақша тапса болды. Биыл мұндай бассыздыққа жол бере алмаймыз. Барлық жұмыстар біткенше ешкім көл жағасында кәсібін жүргізбейді» — деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Похожие материалы