Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметін сақтап қалды

Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметін сақтап қалды

ШҚО. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Тоқаевтың жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын 2014 жылдың қарашасынан бері басқарып келеді.

Бүгін Өскеменде премьер-министрі Әлихан Смайылов пен президенті әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Шығыс Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысты. Әлихан Смайылов мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Даниал Кенжетайұлы Ахметов пен Ренат Тілеуханұлы Құрмамбаевтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқыды.

Ашық дауыс беруде 117 депутаттың 94-і Д.Ахметовке, 23 депутат Р.Құрмамбаевқа дауыс берді.

Похожие материалы