
Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Данияр Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалсын», — делінген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Шешімінің мәтінінде.