Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – Бағасы 1,3 млн доллар тұратын әлемдегі ең қымбат бөтелке Копенгаген қаласындағы «Кафе 33» барынан ұрланған. Бұл туралы аталған бардың иесі Бриан Ингберг TV-2 телеарнасына айтқан.
Арақтар коллекциясымен айналысатын Бриан Ингбергтің айтуынша, ұры үш минуттың ішінде ғимаратқа кіріп, алтын мен күмістен жасалған салмағы алты келі тұратын «Руссо-Балт» арағының бөтелкесін алып кеткен.
«Бұл әлемдегі ең қымбат арақтың бөтелкесі, менің 1200 арақ бөтелкесінен тұратын коллекциямның жауһары болатын»,-деді журналистерге коллекционер.
Ұрланған бөтелке ақ, қызғылт және сары алтыннан жасалыпты. Бөтелкені дайындаушы компания ыдыстың құрамына гауһар қосылғанын да айтқан.