Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Данияр Ақышев банкирлерді ақпаратымен бөлісуге шақырды

Данияр Ақышев банкирлерді ақпаратымен бөлісуге шақырды

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев банкирлерді қаржы институттарындағы сараптамалық бөлімдердің ақпаратымен бөлісуге шақырды. Бұл туралы ол "Казахстанская правда" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Сондай-ақ ол теңгенің айырбас курсына қатысты болжам білдірген сарапшылар туралы ойымен бөлісті.

"Бәрін нақты болжап беретін адамның болуы мүмкін емес. Ол сарапшылардың бағасы да осыған тең. Егер сарапшы нағыз маман болса, ол цифрларды атай қоймайды. Оның біліктілігі бұған жол бермейді. Ал курстың қандай болатындығын айтатындардың айырбастау бағамы туралы түсінігі жоқ немесе бұл сала туралы теріс түсініктері қалыптасқан",- деп есептейді қаржы реттеуішінің басшысы.

Дегенмен, оның сөзінше, сарапшылар нарықта не болып жатқандығын түсіндіріп қана қоймай, болжам жасауы да заңды. Басқа елдердің барлығында бұл қалыпты тәжірибе. "Банкте, қаржы нарығында жұмыс тәжірибесі бар, біліктілігі жоғары сарапшылар көп болуы қажет. Бірақ, олардың өзі сөзі үшін жауап бере алғаны дұрыс. Біз обьективтілікті қолдаймыз",-деп атап өтті Д. Ақышев.

"Банкирлермен сөйлескенде банктегі сараптамалық бөлімдері де туралы сұраймын. Олардың ақпараттық командасы, зерттеу бөлімдері бар. Неге ресми өкілдер пікір білдірмейді? Біз бұған қолдау білдіреміз. Бір кездері Ұлттық банктен де, банктерден де ақпараттық вакуум болды. Барлығы да тыныштыққа кетті. Бірақ, менің ойымша, сіз осы нарықтың маманысыз ба, демек ақпаратпен бөлісуіңіз қажет. Осыдан кейін ғана сарапшының банк адамы екендігі, оның артында ресурс бар екендігі және болжамдарының барлығына негіз бар екендігі белгілі болады. Бізде нақты дискуссияға дайын боламыз",-деді Ұлттық банк төрағасы.

Похожие материалы