Экономика
Авто
Данияр Ақышев базалық мөлшерлеменің төмендеуіне қатысты пікір білдірді
Ұлттық Банк базалық пайыздық мөлшерлеме – ақша-кредит саясатының маңызды құралы. ҚРҰБ-да телеарналар үшін берген брифингте Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев базалық мөлшерлеменің төмендеуіне қатысты пікір білдірді.
Оның сөзінше, базалық мөлшерлемені 17%-дан 15%-ға дейін төмендету және оның пайыздық дәлізінің жаңа шектерін белгілеу ақша нарығындағы мөлшерлемелердің айтарлықтай төмен деңгейде қалыптасатынын, сонымен қатар нарықтық мөлшерлемелер құбылмалылығының төмендегенін білдіреді. «Бұл нарыққа қатысушыларға өтімділікті тарту және орналастыру жөніндегі операциялар құнына қатысты белгісіздік дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Ұлттық Банк басшысы.
Еске сала кетсек, 5 мамырда ҚРҰБ базалық мөлшерлемені 17%-дан 15%-ға дейін төмендету туралы және пайыздық мөлшерлеме дәлізін +/- 2-ден +/- 1 пайыздық тармаққа дейін тарылту туралы жариялады. Тиісінше, тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлемелер өтімділікті беру бойынша 16%-ды (бұрын – 19%) және өтімділікті алу бойынша 14%-ды (бұрын – 15%) құрайды.