2016 жылдың қаңтар айының соңында банктердегі несиелер көлемі 12,8 трлн теңгені құрап, қаңтар айында 1,3% -ға өсті. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Парламент Сенатында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
«Қазіргі уақытта банктердегі жағдай толығымен тұрақты»,- деді ол. Оның айтуынша, банктердің кредиттік белсенділігін қолдау мақсатында, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап реттеуге қарсы циклдық тәсілді ескере отырып, нормативтік реттеу жеңілдетілді.
Сонымен қатар, банктердің тәуекелділігі көп операцияларды жүргізуіне байланысты меншікті капиталға жоғары талаптар қойылды және жұмыс істемейтін несиелерді азайту үшін жауапты акционерлердің уақыт тәртібі енгізілді.
«Ұлттық Банк күн сайын жағдайды бақылап отырады. Сыртқы және ішкі тәуекелдердің болуы мүмкін екендігін толық түсінеді және ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ақша-кредит саясатына сәйкес шараларды қабылдайды. Ұлттық Банк макроэкономикалық тұрақтылық пен теңгерімді және орнықты бюджеті қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістерді енгізізуді қолдайды», – деп қорытындылады Данияр Ақышев.