Нұр-Сұлтан. 1 маусым. 7kun.kz – ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстанда бюджет есебінен салынған дәретханалардың өңірлерде жұмыс істемеу себебін атады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туризм саласын мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енді.
«Дәретханалар турдестинацияға жатады. Дәретханалар салынған, бірақ жұмыс істемейді. Себебі бұл өте қымбат. Олардың су құбырына қосылуы күмәнді.», – деді министр.
Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, дәретхана мәселесін шешетін бизнес өкілдерін тартуды көздеп отыр.
Сондай-ақ Дәурен Абаев көрсетілген қызмет көлемі карантинге дейінгі деңгейге қайтып келе жатқанын айтты. 2021 жылы жергілікті туризм бойынша көрсеткіш 109 млрд теңгені құрады.