Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дариға Назарбаева жаңа қызметке ауысты

Дариға Назарбаева жаңа қызметке ауысты

Алматы. 16 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланды, - деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеңестің кезекті отырысы 15 қарашада СІМ-де өтті. Д. Назарбаева осы лауазымда Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованы ауыстырып, Б.Әйтімоваға Кеңесті басқара отырып атқарған жұмысы үшін алғыс білдірілді.

"Дариға Назарбаева осы лауазымда Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованы ауыстырып, Б.Әйтімоваға Кеңесті басқара отырып атқарған жұмысы үшін алғыс білдірілді. Өзінің кіріспе сөзінде Дариға Назарбаева осы саладағы заманауи талаптар мен жаһандық трендтерге жауап беретін сыртқы саяси ведомство мен азаматтық қоғамның тікелей байланысын қамтамасыз ету Қоғамдық кеңестің басты міндеті болып қалатынын атап өтті", - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство басшысы басты тақырыптары Орталық Азия және Ауғанстан бойынша қарарды ілгерілету, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері болып табылатын 2018 жылдың қаңтардағы БҰҰ ҚК-дегі Қазақстан төрағалығына дайындығы туралы хабарлады.

Министрлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі жаһандық ұйымдағы өзінің қызметінде осы жылдың қаңтар айында БҰҰ ҚК-нің ашық пікірталастарында айтылған Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарасы» атты арнайы саяси үндеуінің негізгі қағидаларын басшылыққа алады.

Сондай-ақ, биыл 25-жылдығы атап өтілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің нығайтуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Дариға Назарбаеваға тиісті мерейтойлық медаль табыс етілді.

Ведомство мәліметінше, қоғамдық кеңестің ҚР СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі кезекті отырысы 2018 жылдың көктеміне жоспарланды.

Похожие материалы