Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дариға Назарбаева мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің жұмысына баға берді

Дариға Назарбаева мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің жұмысына баға берді
Алматы. 12 қазан. 7kun.kz - Сенатор Дариға Назарбаева мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің жұмысына қанағаттанбайтынын білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». "Әрбір министрлік, әкімдік жанында баспасөз қызметі бар. Алайда кәсіби дағдының нашарлығы немесе уақыт тапшылығынан жұмыс қарқыны нашар. Министр девальвация, инфляция нарығының құбылмалылығы, таргеттеу және т. б. тақырыпты қозғаған кезде қарапайым тыңдаушы теледидарды көріп отырып не түсінуі мүмкін? Мұның барлығы шетелдік сөздер, сәнді, әдемі», - деді Дариға Назарбаева Jas Qalam жас журналистеріне арналған форум барысында. Оның айтуынша, кәсіби тіл белгілі бір аудиторияға ғана қажет. Ал қарапайым көрермендердің өзіндік, түсінікті тілі болуы тиіс. Сенатор кейбір шенеуніктер заңдарды ортақ тілмен түсіндіре алмайтынын айтты.

Похожие материалы