Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дариға Назарбаева президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайды

Дариға Назарбаева президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайды

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында Сенат спикері Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Назарбаеваның көмекшісі Сәуле Мұстафаева мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Жоқ, Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынбайды», - деді Мұстафаева телефон арқылы.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына үндеуінде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Похожие материалы