Нұр-Сұлтан. 7 қыркүйек. 7kun.kz – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов экс-депутат Дариға Назарбаева алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатыса алатындығын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Әрине, қатыса алады. Нұрсұлтан Назарбаев та қатыса алады. Президент кандидаттарына қойылатын талаптарға сай келетін кез келген адам өз кандидатурасын ұсына алады», – деді Өтемісов.
Айта кетйік, бұған дейін әділет вице-министрі Алма Мұқанова экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатыса алмайтындығын айтқан еді. Себебі, осы жазда өткен референдумның нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаев мұндай құқықтан айырылған.