Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дариға Назарбаева сенат спикері болды

Дариға Назарбаева сенат спикері болды

Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Дариға Назарбаева депутаттардың жасырын дауыс беруімен сенаттың спикері болып сайланды.

«Есеп комиссиясы Парламент Сенатының Төрағасын сайлау үшін дауыстарды санады. Сенат Төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс беру бюллетеніне Дариға Назарбаеваның кандидатурасы енгізілді. Дауыс беруге арналған 48 бюллетень таратылды, жәшіктерді ашу кезінде 48 бюллетень алынды. Жарамсыз бюллетеньдер жоқ, қолдағандар 48 бюллетень болды, қарсы жоқ, қалыс қалғандар жоқ», - деп сенаторлардың шешімін есеп комиссиясының төрағасы, сенат депутаты Әлімжан Құртаев мәлімдеді.

Похожие материалы