Анонимді түрде жазба қалдыруға арналған Secret ұялы қосымшасы өз жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Techcrunch ресурсы хабарлады.
Бас директор және анонимді әлеуметтік желінің негізін қалаушы Дэвид Биттоу өзінің Twitter-аккаунтында: "Ұзақ уақыт бойы ойланудан және директорлар кеңесімен ақылдасудан кейін Secret қосымшасын жабамын деп шештім", - деп жазды.
Биггоудың сөзіне қарағанда, бұл оның өміріндегі ең қиын шешім болған екен. Мұндай қадамға баруының себебі ретінде ол күтілген нәтидеге қол жеткізілмегенін айтты.
Қазірдің өзінде Secret қосымшасы AppStore-дан өшірілді. Компания барлық мәліметтерді өшіру бойынша шараларды қолға алып жатыр. Бір жыл жұмыс барысында 35 миллион доллар инвестиция тартқан жоба қалған ақшаны инвесторларға қайтарып береді.