Экономика
Дүниежүзілік банк: Әлемдік ЖІӨ өсуі бәсеңдейді
Вашингтон. 8 маусым. 7kun.kz - Дүниежүзілік банк (ДБ) жаһандық экономикалық өсудің әлсіз өсімін ескеріп, әлемдік экономиканың 2016-2018 жылдардағы өсуіне жасалған болжамдардың көрсеткішін біршама азайтты.
"Дамыған елдер экономикасы біраз тежеліп, қаржы жағдайының тым қиын болып, шикізат бағасы өзгеріссіз төмен бағада болуы дамушы елдердің өсуіне айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Импортерлер экономиканың қиындықтарына төтеп бере алғанымен, мұнай мен өзге де маңызды шикізат тасымдалдаушыларының жағдайы қиын". Бұлай деп Дүниежүзілік банктің "Жаһандық экономикалық перспективалар" шолуында жазылған.
ДБ болжамына сәйкес, 2016 жылы әлемдік экономика 2015 жылдағыдай 2,4%-ға өседі. Тиімді фактор - шикізат бағасының тұрақты болуынан импортерлер өздерінің экономикалық өсімдерін сақтап, арттыруына болады. Бірақ, өкінішке қарай, мұнай экпортерлері бұдан ұтылады. Дегенмен, олар тұрақталған баға мен экономиканы әртараптандыру арқылы мәселені өз пайдасына шешуіне болады.
2017 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны - 2,8%, 2018 жылы 3 пайызды құрайды деп жоспарлайды ДБ. Дүниежүзілік банк АҚШ-тың ЖІӨ 2016 жылғы өсу болжамын 2,7%-дан 1,9%-ға дейін, 2017 жылғы өсуін 2,4%-дан 2,2%-ға дейін түсірді. Ал еуроаймақ ЖІӨ-нің осы жылғы өсімі 1,6%-ға артса, 2017 жылы да 1,6%, ал 2018 1,5%-ды құрайды деп болжайды ДБ. Дамушы елдерде экономикалық өсім осы жылы 3,5%, 2017 жылы - 4,4%, ал 2018 жылы 4,7 %-ды құрайды.