Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Алматыға келді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ол Қазақстанға бейресми сапармен келді. Қазақстанда оның құдалары тұрады.
Гебрейесус бүгін Қазақстанның Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне барды.
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ баспасөз қызметі мәліметінше, медициналық университетте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ДДСҰ басшысын қарсы алған. ДДСҰ бас директоры университеттің құрметті қонақтары кітабына естелік жазба қалдырды. Академик Шарманов атындағы Даңқ залында Тедрос Гебрейесус қазақстандық ғылым мен медицинаның жетекші қайраткерлері – ҚазҰМУ профессорларымен кездесті, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың дамуы туралы сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ ДДСҰ басшысының қала әкімі Ерболат Досаевпен де кездескені белгілі болды.