Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Delta Bank директорлар кеңесі екі адамға қысқарды

Delta Bank директорлар кеңесі екі адамға қысқарды

Алматы. 18 қазан. 7kun.kz - Тәуелсіз директор Данияр Әлиев "Delta Bank" АҚ-тың директорлар кеңесі мүшесінен мерзімінен бұрын шықты деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«2017 жылдың 16 қазанында "Delta Bank" АҚ Директорлар кеңесі кеңестің мүшесі Әлиев Данияр Серікұлынан өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлама алды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта «Delta Bank» АҚ директорлар кеңесінің құрамы төмендегідей: Директорлар кеңесінің төрағасы - Нұрлан Тілеубаев, кеңестің мүшесі - Нұрбол Самзаев.

«Delta Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Н.Тілеубаев банктің акционері ретінде 2017 жылдың 7 ақпанында 2021 жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімге сайланған.

Ұлттық Банк 22 мамырдан бастап «Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың жаңа депозиттерін қабылдауға және банктік шоттарын ашуға лецензиясын 3 тамызға дейін тоқтатқан еді. Кейіннен 2017 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартты.

KASE-тің мәліметінше, банктің негізгі акционері 1 қазаннан бастап қазақстандық танымал бизнесмен Н.Тілеубаев (98,26%) болып саналады.

Похожие материалы