Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Delta Bank жабылды: сот шешімі күшіне енді

Delta Bank жабылды: сот шешімі күшіне енді

Алматы. 27 сәуір. 7kun.kz - «Delta Bank» АҚ-ның қызметін тоқтату туралы (Алматы) мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қаулысы күшіне енді. Бұл туралы ҚР депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Банктің салымшылары мен клиенттері - жеке тұлғалар депозиттер мен ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларына орналастырылған сомаларды: 10 млн теңгеге дейін - ұлттық валютадағы депозиттер бойынша; 5 млн теңгеге дейін - шетел валютасындағы депозиттер бойынша алуға құқылы.

«Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының қаражатынан өтемақы төленеді, агент банк 2018 жылдың 17 мамырынан кешіктірмей кепілдік өтемақысын төлей бастайды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) кепілдік өтемақы төлеу бойынша міндеттемелерінің сомасы шамамен 141 млн теңгені құрайды. Өтемақы алуға құқығы бар жеке тұлғалардың саны - 2 244 адам, оның ішінде 2 242 - ең көп өтемақы шегіндегілер. Кепілдік бойынша өтемақы төлеміне арналған ҚДКБҚ-ның жалпы сомасы 577,6 млрд теңгені құрайды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Кепілдендірілген сомадан асатын депозиттері бар жеке тұлғалар және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және тәртіпте банктің активтерін сату кезінде Delta Bank тарату комиссиясынан өтемақы алуға құқылы.

«Delta Bank» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2017 жылғы 3 қарашадағы шешімімен банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылды. Ұлттық банк төрағасының тапсырмасы бойынша Delta Bank-тың барлық басқару органдарының өкілеттігі берілген уақытша әкімшілік тағайындалды.

Уақытша әкімшілік қызметкерлерінің құрамына Ұлттық банктің және ҚДКБҚ мамандары кірді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Delta Bank»-ті 2018 жылдың 13 ақпанында мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады.

Банктің бас офисі Алматы қаласында орналасқан. Банктің Астана және Ақтау қалаларында филиалдары бар.

Похожие материалы