Қазақстан Үкіметі мереке және демалыс күндердегі еңбек ақының мөлшерін азайтуды ұсынып отыр. Бүгін мәжілісте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова "Еңбек кодексінің" жаңа жобасын таныстырды деп хабарлайды Zakon.kz
Жобада еңбек қатынасына мемлекеттің қатысуының ара-жігін анықтап алу ұсынылған. Сонымен бірге, мемлекет жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты минимал стандарттар мен жұмысшы мен жұмыс берушінің міндеттері мен құқықтарының шарттарын анықтайтын нормалар енгізеді.
«Бүгінде мерзімінен тыс уақыттағы еңбек ақысы кем дегенде 1,5 есе көлемде төленеді. Мереке және демалыс күрдері - екі есе, түнгі уақыттағы бір сағаты - 1,5 есе есептеледі. Жаңа кодексте төлем мөлшерін 1,25 есе ету ұсынылды. Қажет болса, келісім-шарт арқылы еңбек ақысын көбейтуге болады», - деді Т.Дүйсенова.
Министрдің түсіндіруінше бұл бір жағынан жұмыс берушінің шығынын азайтатын шара. Екінші жағынан - қызметкердің келісімінсіз мереке және демалыс күндері жұмыс беруші қарамағындағыларға сирек жұмыс беретін болады.