Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Денсаулық сақтау министрлігі: Маусымда дәрілердің бірыңғай бөлшек сауда бағасы бекітіледі

Денсаулық сақтау министрлігі: Маусымда дәрілердің бірыңғай бөлшек сауда бағасы бекітіледі

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – Қазақстандықтар маусым айында дәрі-дәрмектердің бірдей бөлшек сауда бағаларын көре алады. Барлық дәрі-дәрмектің бағасы түрлі веб-сайттарда жарияланады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің дәріхана комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

«Ертең Денсаулық сақтау министрлігіне барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу бойынша құзіретті беретін Қазақстан Республикасы Заңының нормасы күшіне енеді. Осы заңды іске асыру үшін Министрлік бағаны реттеу ережелерін әзірледі,олар барлық бейінді қауымдастықтармен, «Атамекен» ҰКП-мен келісілген және қазіргі уақытта Әділет министрлігінде келісу және тіркеу үстінде. Осы Ережелер шыққаннан кейін біз бағаны тіркеу, шекті көтерме және шекті бөлшек сауда бағасын қалыптастыру рәсімін бастаймыз», - деді Л. Бюрабекова.

Оның айтуынша, шекті бағалар Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі. Мамыр айында бағалар күшіне енеді.

Айта кетейік, бағалар барлық интернет-ресурстарда орналастырылатын болады: Денсаулық сақтау министрлігі, фармация комитеті, дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы. Сондай-ақ, барлық шекті бағалар көрсетілетін мобильді қосымша әзірленеді.

Қазақстандықтар дәріханалардағы бірдей бағаны маусым айында көре алады.

«Маусым айында дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізудің барлық нысандарында бірдей бағаны көре аламыз», - деді Л. Бюрабекова.

Похожие материалы