Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Денис Тен туралы кітапты шетелден 1 млн адам жүктеп алды

Денис Тен туралы кітапты шетелден 1 млн адам жүктеп алды

Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz – "Біздің Денис" кітабының электрондық нұсқасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланған болатын.  Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, 1 айда электронды кітапты 1 млн адам жүктеп алды.

Соның ішінде Қазақстан (30%), Ресей (15%), Қырғызстан (8%), Оңтүстік Корея (13%), Өзбекстан (6%), Франция (8%), Америка (10%), Түркия ( 3%), Италия ( 4%), Канада (3%) және тағы басқа елдердің азаматтары бар.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қаза табуына байланысты «Біздің Денис» деп аталатын кітап шығарды.

Кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сондай-ақ ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген. Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әр түрлі іс-шаралардан естелік фотосуреттері, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері бар.

Похожие материалы