Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Денсаулық сақтау саласына инвестиция көлемі бір жылда 13%-ға өсті

Денсаулық сақтау саласына инвестиция көлемі бір жылда 13%-ға өсті

Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылдың жеті айының қорытындылары бойынша денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге салынған инвестициялар көлемі 12,7%-ға артып, 57 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде инвестиция сомасы 50,6 млрд теңгеге тең болды, өсім 54,8% құрады. Осы кезеңдегі инвестициялардың өсуі қатарынан үшінші жыл байқалады. Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінен денсаулық сақтау саласына салынған күрделі салымдардың үлесі 0,9% құрайды. Мұндай мәліметтерді energyprom.kz хабарлайды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына инвестициялардың негізгі көзі республикалық бюджет болып табылады: ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында секторға 21,8 млрд теңге (бір жыл бұрын — 10,9 млрд теңге) бағытталды.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен қаражат салу айтарлықтай қысқарды. Қаңтар-шілде айларында тек 11,9 млрд теңге бөлінді — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (17,2 млрд теңге) 30,9%-ға аз.

Бизнестің меншікті қаражаты 20,9 млрд теңгені құрады, жылдық өсім — 1,6%. Банктердің кредиттері мен қарыз қаражаты тиісінше 1,4 млрд және 1 млрд теңгені құрады.

2018 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге инвестициялардың артуы республиканың 10 өңірінде байқалды. Инвестициялардың ең көп өсуі Шығыс Қазақстан (3,1 есе), Жамбыл (2,5 есе) және Нұр-Сұлтан (2,4 есе) қалаларына тиесілі.

Инвестициялардың ең көп көлемі Шығыс Қазақстан облысына түсті: 13,2 млрд теңге (бір жыл бұрын — 4,2 млрд теңге). Сондай-ақ, Алматы қаласына — 8,6 млрд теңге, (бір жыл бұрын — 8,3 млрд теңге) және Алматы облысына — 6,7 млрд теңге (бір жыл бұрын — 10,8 млрд теңге) инвестицияланды.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге салынатын инвестициялардың 50%-ы осы үш аймақтың үлесіне келеді.

Похожие материалы