Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депозит бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі 14 % деңгейінде қалды

Депозит бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі 14 % деңгейінде қалды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесін бастапқы деңгейде сақтап қалды. Бұл туралы қордың ресми сайтында хабарланды.

"Қор Директорлар кеңесінің шешімімен қормен ұсынылатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша теңгедегі ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі – 14 %, шетел валютасындағы ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі - 2 % деңгейінде сақталды", - делінген хабарламада.

Осылайша, қазіргі уақытта Қормен ұсынылатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері әуелгі деңгейде 2016 жылдың 1 шілдесінен кейін де сақталады. Алайда Қордың Директорлар Кеңесімен немесе Акционермен депозит нарығы конъюнктурасының күрт өзгеруі жағдайында аталмыш мөлшерлемелер қайта қарастырылуы мүмкін.

Похожие материалы