Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме қай банкте

Депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме қай банкте

Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстандық банктердегі теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме 13,6%-ға дейін жетеді. Бұл ретте салымдар бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 14,5%-ды құрайды. Мұндай деректерді Ranking.kz ұсынды.

"Қазіргі уақытта теңгелік салымдар бойынша нарықтағы ең үлкен мөлшерлеме-жылдық 13,6%. Altyn Bank, АsiaCredit Bank, АТФБанк, ЦентрКредит банкі, Еуразиялық банк, Kassa Nova Банкі және Нұрбанк клиенттеріне 2 жыл мерзімге қаражаттарды толықтыру және алу мүмкіндігінсіз депозиттер бойынша дәл сонша ұсынады. Осы екінші деңгейдегі банктердің 4-еуі 3 жылға арналған ұзақ мерзімді депозиттер үшін (ЦентрКредит Банкінен басқа, онда үш жылдық салым үшін талаптар нашар, АsiaCredit Bank және Kassa Nova Банкінен басқа) осындай талаптарды ұсынады", - деп атап өтті сарапшылар.

Депозитті Altyn Bank-те онлайн ашуға болады: Altyn-i цифрлік банкингін пайдалану жеткілікті. Ол үшін биометриялық тексерумен онлайн-тіркеуден өту керек. Клиентке бірден шот пен виртуалды карта ашылады, оларды толықтыруға және депозитке аударуға болады. Үш күн ішінде клиентке ыңғайлы мекен-жайға пластикалық карта да жеткізіледі.

Kassa Nova Банкі да депозитті онлайн ашуға мүмкіндік береді,сонымен қатар депозитке сыйлық картасы ұсынылады.

Сондай-ақ, Еуразиялық банкте онлайн депозит ашуға болады, бірақ банктің клиенті болу керек. Ашу Smartbank жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Тағы үш фининститут — АТФБанк, ЦентрКредит Банкі және Нұрбанк - депозит ашуға онлайн-өтінім қалдыруды ұсынады, бірақ депозиттің өзі бөлімшеге барған кезде ғана ашылады.

5 мың теңгеден бастап депозит ашудың ең төменгі сомасын Нұрбанк және АsiaCredit Bank, 10 мың теңгеден бастап — Altyn Bank және ЦентрКредит Банкі, 15 мың теңгеден бастап — Еуразиялық банк, 150 мың теңгеден бастап — АТФБанк, 500 мың теңгеден бастап — Kassa Nova Банкі ұсынады.

Бұдан басқа, 2020 жылдың басында қазақстандық банктердегі бөлшек депозиттер қоржыны 9,31 триллион теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға артық.

"Салымдардың жалпы көлемінен бұл 51,8%-ды құрайды, бір жыл бұрынғы 51,5%-дан, бес жыл бұрынғы 39,1% және 2010 жылдың қорытындылары бойынша 32,9%-бен салыстырғанда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл қорытындысы бойынша қарастырылып отырған жеті банктің нарық бойынша ең үздік депозиттік мөлшерлемелерімен бөлшек салымдардың жыл сайынғы өсімін тек үш фининститут көрсетті.

AltynBank көш бастап тұр: бірден бір жыл ішінде 15,1%-ға, осыжылдың қаңтарына 103,1 млрд теңгеге дейін.

Сонымен қата, Kassa Nova Банкі — 11,1%-ға, 37,6 млрд теңгеге дейін және Еуразиялық банк - жылына 6,7%-ға, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 424,6 млрд теңгеге дейін.

Қалған төрт банк жеке тұлғалардың депозиттері көлемінің қысқарғанын көрсетеді.

Похожие материалы