Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - Жыл басында депозиттер көлемі 18 трлн 163,8 млрд теңгені құраған. І жартыжылдықта көрсеткіш 1,7 пайызға қысқарған. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша, депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозитінің көлемі 17 трлн 860,1 млрд теңге болды.
Ал маусым айында депозиттердің көлемі 0,9 пайызға өсті. Заңды тұлғалардың депозиттері 10 трлн 58,3 млрд теңгеге (0,7 пайызға) азайды. Ал жеке тұлғалар депозиті 7 трлн 801,8 млрд теңгеге (3 пайызға) артты.
Маусым айының соңындағы жағдайы бойынша, ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 9 трлн 21,4 млрд теңге (бір айда 1,6 пайызға қысқарған), ал шетел валютасындағы депозиттер 3,5 пайызға өсіп, 8 трлн 838,6 млрд теңгеге жетті. Долларландыру деңгейі маусымда 48,2 пайыздан 49,5 пайызға артты.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі төртінші ай қатарынан шетел валютасындағы депозиттері көлемінен артық болып келеді.
2017 жылдың маусымында заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 4,9 пайызға қысқарып, 5 трлн 486,2 млрд теңгені құрады, ал шетелдік валютада 4,8 пайызға артты (4 трлн 572,1 млрд теңге). Бұл - жалпы заңды тұлғалар депозитінің 45,5 пайызы. Жеке тұлғалар депозиті 4 пайызға артып, 3 трлн 535,2 млрд теңгені жетті. Ал шетел валютасында депозит 2,1 пайызға артып, 4 трлн 266,6 млрд теңгені құрады (жалпы жеке тұлғалар депозитінің 54,7 пайызы). Шұғыл депозиттер маусым айында 0,9 пайызға қысқарды (11 трлн 931,9 млрд теңге):
-ұлттық валютада - 5 трлн 841,2 млрд теңге (1,1 пайызға өсті);
-шетел валютасында - 6 трлн 90,7 млрд теңге (2,8 пайызға кеміді).
2017 жылдың маусымында шұғыл депозиттер бойынша ұлттық валютада ақы төлеудің орташа бағамы банктік емес заңды тұлғаларда - 8,2 пайыз деңгейде (2016 жылдың желтоқсанында - 10,5 пайыз), ал жеке тұлғалар депозиті бойынша - 12,4 пайызды (12,2 пайыз) көрсетті.