Депозиттік сертификат деген не? Онымен төлем жасауға, есеп айырысуға бола ма? 7kun.kz осы сауалдарға жауап іздеп көрді.
Депозиттік сертификатты қалай қолдану керек?
Депозиттік сертификат - кiрiстi бағалы қағаздың бiр түрі. Депозиттік сертификат сатылған тауар, көрсетiлген қызмет үшін есеп айырысу құралы немесе төлем құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ оларды бiр заңды тұлғадан екiншiсiне жолдауда шектеулер болады.
Сертификат банктің ақша қаржыларының салымы туралы, салымшының мерзiмi аяқталғанда салым бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын жазбаша куәландыру үшін беріледі.
Депозиттік сертификат екi жақты келісіммен ресiмделедi. Өз құқын ұсынушы тұлға — цедент және құқық алушы цессионарий болып табылады. Сертификатты қайтару мерзiмi жеткенде, банк сертификатты қабылдап, қаржы түсетiн шот көрсетiлген салымшы өтінішіне төлем жасайды. Банк талап ету құқын ұсыну туралы келiсiмнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкiлеттi тұлғалар аты-жөнiн, мөрінің және қолдарының сәйкестiгiн тексередi.
2017 жылдан бастап еліміздегі бірнеше банкте қолданысқа енгізілген депозиттік сертификаттар салымшының қаражатын сенімді сақтауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, қорға құйылған ақша аз уақытта еселеп қайтады.
[caption id="attachment_99329" align="aligncenter" width="713"] Фото: Kapital.kz[/caption]Сертификаттың құндылығы ондағы салынған қаражатқа байланысты. Құнды қағазды сатып алған адамға уақыт белгіленеді. Сол аралықта оның салған қаражаты басқа депозиттерден қарағанда көбірек өседі. Сонымен қатар, банктік сыйақы беріледі.
Депозиттік сертификаттың қандай түрлері бар?
Депозиттік сертификаттардың жолданатын және жолданбайтын екi түрі болады. Жолданбайтын депозиттік сертификат салымшының өзінде болады және төлем мерзiмi жеткенде банкке ұсынылады. Ал жолданатын сертификаттың екiншi нарықта сатылуы немесе басқа тұлғаға өтуi мүмкін.
Жолданатын депозиттік сертификаттар капиталды кез келген мерзiмге тиiмді инвестициялауға көмектеседi. Қажет болған жағдайда сертификаттарды тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады. Депозиттік сертификаттарды жаңа шығарымдармен, салымның басқа түрлерiне немесе талап етiлмелi депозиттерiне қолма-қол емес аударымдармен және нақты ақшалармен өтей алады.
Банкте шығарылатын сертификаттарды баспалық тәсілмен шығарылуы және осы сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Депозиттік сертификат қандай артықшылық береді?
Депозиттік сертификаттардың салымшыларға тиімді тұсы көп. Себебі сертификатты қолдану оңай. Сертификатты қолдану қағазбастылықтан арылтады. Депозиттегі ақшаны банкке барып алудың керегі жоқ. Сондай-ақ, сертификатты басқа адамға сатуға немесе басқа адамның атына жазып, сыйлауға болады.
[caption id="attachment_99326" align="aligncenter" width="500"] Фото: Zonakz.net[/caption]Жай депозитте рәсімделген мерзімдік салымдармен салыстырғанда, депозиттік сертификаттар мынадай артықшылықтарға ие:
- Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың шоттары мен мерзiмдiк салымдардағы кірістеріне табыс салығы салынбайды;
- Сертификаттарды тарату айналымындағы қаржылық делдалдардың санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейеді;
- Екiншi нарық аркылы сертификат иесі үшінші тұлғаға, сақтаған мерзімі үшін кiрiс ала отырып, банк ресурстарының көлемiн өзгертпей-ақ жедел сатуы мүмкін.
- Мерзiмдiк салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетiспеушiлiгi оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы (Эмиссия - барлық нысандағы бағалы қағаздарды‚ ақша белгілерін‚ банк және қазынашылық билеттерін айналысқа шығару).
Депозиттік сертификат туралы заң
Депозиттік сертификаттарды шығару, айналымға енгізу және оны қолдану тәртібі "Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын бекіту туралы" заңында көрсетілген шарттар бойынша жүзеге асады.