Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депутат: Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі

Депутат: Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі

Астана. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен пайдаланылмай жатқан жерлер қашан халыққа қайтарылатынын сұрап, ведомствоның жұмысын сынады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Депутаттың айтуынша, өңірлердегі жерлердің басым бөлігі әкімдерге тиесілі.

«Ербол Шырақбайұлы, жаңа баяндама жасадыңыз. Бірақ «мыңдаған гектар жерді қайтарудамыз» деген сөзіңізге қатысты елдің сәлемін жеткізгім келіп отыр. Жақында елден келдік. Қай облысқа бармасаңыз, жолдың оң және сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ. Мал ұстап, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр...

Мына жердің иелерін тақтаға жазып қоюға не кедергі? Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі. Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр. Алайда сіздің баяндамаңызда айтылған мыңдаған гектар жер қайтарылды деген сөз – өтірік. Халықтың бәрі наразы болып отыр. Мал бағып отырғандарға жер жетпей жатыр. Сіздер осы әдемі баяндаманың орнына осыны қашан қолға аласыздар. Аты-жөнін жазыңыздар. Тақтаны іліп қоюға неге ұяласыздар? Бұрынғы отырған байлар солай отыр», – деді депутат.

Ал Ауыл шаруашылығы министрі бұл айтылған сынмен келспейтіндігін айтып, биыл 5,2 млн гектар жер мемлекетке қайтарылғанын атап өтті.

Похожие материалы