Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депутат ұсынады: Халықтан қолдау таппаған идеялар

Депутат ұсынады: Халықтан қолдау таппаған идеялар

"Ақ-жол" демократиялық партиясының төрағасы Перуашевтың дәретханасыз пәтер салуды ұсынуы халық арасында үлкен резонанс тудырды. Бұл дептутатар тарапынан жасалған біртүрлі мәлімдеменің басы емес, соңы да емес шығар. Бұған дейін қандай мәлімдемелер жасалды? 7kun.kz депутаттардың халықтан қолдау таппаған ұсыныстарын жинаған еді.

Азат Перуашев Үкіметбасына ұсынысында жеке әжетхана мен ас үйден бас тарту арқылы тұрғын үй бағасын 40 пайызға төмендетуге болады.

«Мұндай жатақханалардың құрылысы қазақстандықтарды үймен қамтамасыз  етуді арттырады. Егер «Нұрлы жер» бағдарламасымен 2021 жылға дейін 35 мың пәтер салу жоспарланса, дәл сол ауданға жатақхана салу арқылы, 49 мың отбасыны үймен қамтуға болар еді», — деп атап өтті Азат Перуашев.

Азат Перуашев ресми көрсеткіш  бойынша, үш айда уақытша тіркеуден өткен 690 мың мигрант барын да айта кетті. Оның айтуынша, ауылдан қалаға көшіп келгендер саны 2,5-5 млн адамға жуық.

Перуашев дұрыс ниетпен-ақ айтқан шығар. Бірақ, неге екені белгісіз қоғам тарапынан қабылданбады.

Бұған дейін депутат Қоңыров нан бағасын 300 теңгеге қымбаттатуды ұсынған.

Оның пікірінше, баға өссе нанға  құрмет артып, оған жеңіл қарамауға үйретеді.

Ал депутат Қоңыровтың айтуынша, бұл мәселеге тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, елдегі нан бағасы тым арзан көрінеді. Қоқыс жәшіктеріндегі қаптың түбінде шіріп жатқан мұның айқын дәлелі бола алады екен.

«Меніңше, Қазақстанда әлеуметтік жағдайы сын көтермейтін тұрғындарға ғана нан арзан сатылуы тиіс. Қалған азаматтар бұл өнімді 300 теңгеден сатып алуы тиіс. Себебі, нан арзан сатылса, халық бұл өнімге атүсті қарап, нан қалдығын қоқысқа тастауды доғармайды. Біз тек осылайша нанның қадірін арттыра аламыз», - дейді Айқын Қоңыров.

Депутат Сұлтанов Астананың атын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды.

Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтановтың айтуынша, Астана атауын "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" деп өзгертуге болады. Ол 23 қарашада өткен парламенттің бірлескен жиынында Астана атауына президент Назарбаевтың есімін біріктіру идеясын ұсынған.

Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, отырыстан кейін журналистерге сұхбат берген Сұлтанов Астана атауын өзгерту ұсынысы арнайы талқыланатынын айтқан.

Сұлтановтың ойынша, егер Астана атауын өзгерту туралы шешім қабылданса, оған кететін шығын "елдің дамуына, ұлттық сана, мемлекеттілік және тарихтың қалыпталуына жұмсалады".

Бекболат Тілеухан министрден Facebook желісін жабуды сұрады.

«Баяғыда мінбеге шығып, сөз алу үшін, ақпарат тарату үшін дәлелденген еңбегің, қоғамда пікір айтатын беделің болуы керек еді. Баяғыда, ең болмаса пікір айту үшін 100 қойдан 101 қозы алуың керек болатын. Ал қазір ерінбеген етікші, ұялмаған әнші болатын заман туды. Шексіз майдан басталып кетті. Тізесіне ноутбугын қойып ойына келгенін жаза береді. Еліне құрметі қалған жоқ. Мұның бәрі, біріншіден, мәдениеттің жоқтығынан. Тектіліктің болмауынан деп ойлаймын. Мысалы, Facebook АҚШ-та отбасымен балық аулауға барғандары секілді демалыстарының суретін салатын әлеуметтік желі болып саналады. Ал, бізде, Қазақстан қоғамында бұл саяси аренаға айналып отыр. Осыны ауыздықтау үшін не істеу керек деген мәселе Ақпарат министрлігінің алдында тұр», – деді Бекболат Тілеухан.

Депутат тентек балаларды отбасынан тартып алуды ұсынды.

Ол үшін жанұяны қолдау орталығын ашу қажет дейді депутат. Сол арқылы тұрмысы төмен немесе ата-анасы ішкілікке салынып қараусыз қалған баланы басқа өнегелі отбасыға уақытша беріп, тәрбиелеуге болады. Әлемде мұндай әдіс кеңінен қолданылыды екен.

Тіпті, біреудің тентегін тәрбиелеуге ниет білдіретін отбасылар да жетерлік дейді Балиева. Депутат тиісті заң жобасын әзірлеуге де кірісіп кетіпті. Өйткені, елімізде бұзық жеткіншектер саны азаяр емес. Қазірдің өзінде 10 мыңнан астам бала полицейлердің тіркеуінде тұр.

Зағипа Балиева: "Елімізде бес жарым миллион бала бар. Қаншама ата-ана солардың тәрбиесіне дұрыс көңіл бөле алмай отыр. Оның үстіне ішкілікке салынған отбасыларда 18 мың бала бар екен. Олар қандай тәрбие алып жатыр?".

Сенат депутаты М.Бақтиярұлы «Вконтакте» әлеуметтік желісін жабу керек деген бастама көтерді.

Мұрат Бақтиярұлы: 2015 жылы бір күнде 70 миллион астам адам отыратын болған. Қазіргі таңда бұл одан да көп. Мына вконтакте әлеуметтік желісінде біздің адами құндылықтарымызға қайшы мәселелерді көрсетіп жатады. Сондықтан да оны жауып, керек кездерінде бұйғаулап тастау бұл – мемлекеттің құзыретінде бар дүние.

Оның айтуынша бұл сайт дәстүрлі дінімізге көлеңке түсіреді. «Еліміздегі жат ағымдарды шектейтін батыл саяси шешім құқықтық реттеу, ақпараттық түсіндіру қажет», - деді ол.

Похожие материалы