Экономика
Выбор редактора
Депутаттар кәсіпкерлерді мемлекет есебінен қаржыландыруға қарсы
Мәжіліс депутаттары кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржы есебінен оқыту туралы ұсынысқа қарсы. 2016-2018 жылдарға арналған бюджет бойынша жұмыс кезінде депутат Гүлмира Есімбаева осындай пікірін білдірді деп жазады LS.
Халық қалаулысы ұлттық экономика министрлігінен бизнесті ақпараттық қолдауға және кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға бөлінген қаржыны басқа да салаларды қаржыландыруға жұмсауын өтінді.
"Біз универсиаданы ақпараттық қолдауға 400 млн таба алмаймыз, ал сіздерден бизнесті қолдауға 560 млн еркін табылады. Ұстаздардың біліктілігін үш деңгейде арттыруды тоқтатты, бірақ бизнес қаржыландырылып жатыр. Ол ақшалар сізде қалсын, тек бағытын басқаға өзгертіңіздер. Халық пен депутаттарды ашуландырмаңыздар", - деді ол ведомства өкілдігіне. Оның сөзінше, мұндай оқу бизнес-құрылымдар есебінен ғана қаржыландыруы тиіс. Депутат Меруерт Қазыбековада әріптесін қолдап, бизнес бағдарламаны сынға алды. "Сіздердің бағдарламаларыңыз мүлдем тиімсіз. Тіпті үйрететіндердің өздері бизнеспен айналыспаған",- дейді ол.
Фото strategy2050.com сайтынан алынды