Экономика
Deutsche Bank қателесіп, клиентіне $6 млрд аударып жіберді
Deutsche Bank қателесіп 6 млрд долларды америкалық хедж-қорына аударып жіберді. Бұл туралы Financial Times хабарлайды.
Келесі күні , ақша қайтарылды. Болған жайт ФРЖ , Еуропалық орталық банк және британдық реттеушілерге хабарланған.
Бұл жағдай маусым айында банктің Лондондағы кеңсесінде орын алған. Кіші трейдер бөлімше меңгерушісі демалыста болған кезде қателескен екен. Трейдер жалпы операция айналымдарын оның қаржылық нәтижелерімен шатастырған.
Қазіргі уақытта Deutsche Bank қайта құрылымын өзгертіп және реттеушілер тарапынан жоғары бақыланып жатыр.