Экономика
Авто
Deutsche Bank рубльді бағасы «төмен» валютаға бағалады
28 қыркүйек. Алматы. 7kun.kz - Deutsche Bank экономистері бағасы жоғары және төмен әлем валюта бағамының тізімін жасады. Бір қызығы, ресейлік рубль бағасы ең төмен үштікке кірді.
Бұл көрсеткішті Deutsche Bank өкілдері валюта курсының тепе-теңдік бағамына зерттеу жүргізу нәтижесінде қол жеткізген.
Аталмыш банктің экономисі Кристиан Ветошкидің айтуынша, рубль «нақты мөлшерден» 15 пайызға әлсіз, алайда, ресейлік валютаны 1 долларға шаққанда 60 рубльге теңелетініне болжам жасайды
Сонымен қатар Ресейдің ұлттық валютасы бағаланған үштікке түрік лирасы мен колумбиялық пезо толықтырды.
Жоғары бағаны иеленген валютаға: швейцариялық корона, швейцариялық франк, оңтүстік кореялық вон, тай баты және АҚШ доллары енді.