Экономика
Deutsche Bank шығындарын жасырғаны үшін 55 миллион доллар айыппұл төлейді
Американың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) неміс банкіне 1,5 млрд доллардан астам көлемдегі шығынын жасырғаны үшін айыппұл салды.
SEC
баспасөз мәлімдемесінің деректеріне сүйенсек, Deutsche Bank 55 млн доллар көлеміндегі айыппұлды төлеуге және дағдарыс барысында қаржылық шығындарды жасыруға қатысты американдық реттеушінің айыптауларын сотқа дейін реттеуге келісім берді.
Deutsche Bank-тің өздерінің бағалауынша, дағдарыс барысында деривативтерден тұратын (Leveraged Super Senior, LSS, - борышқорлық міндеттемелермен қамтамасыз етілген облигациялар) банк активтері қоржынының бір бөлігі 1,5 млрд доллардан 3,3 млрд доллардға дейінгі көлемде құнын жоғалту қаупі туындаған.
SEC таққан айыптаулар 2008–2009 жж кезеңіне қатысты.
"Қаржы дағдарысының шарықтау шегінде
Deutsche Bank ұсынған қаржылық есеп осы үлкен, күрделі және өтімсіз позициялар бойынша айтарлықтай тәуекелді қамтып көрсетеді. Deutsche Bank өз қаржылық есебінде осы позицияларды бағалау кезінде адекватты есептеулерді ұсынбады", - деп түсіндірді SEC-тің шешімдерді атқару жөніндегі бөлім басшысы Эндрю Чересни.