Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дэвид Малпасс Дүниежүзілік банктің жаңа президенті болып сайланды

Дэвид Малпасс Дүниежүзілік банктің жаңа президенті болып сайланды

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлары Дэвид Малпассты Дүниежүзілік банк тобының жаңа президенті лауазымына сайлады, - деп хабарлайды Интерфакс.

Дэвид Малпасс 2019 жылдың 9 сәуірінен бастап бес жыл мерзімге жаңа қызметке кіріседі. 2016 жылы Дональд Трамптың сайлауалды науқаны кезінде оның аға экономикалық кеңесшісі болды.

Ол Колорадо колледжінде бакалавр дәрежесін және Денвер университетінде іскерлік әкімшілік ету магистрі (МВА) дәрежесін алды, Джорджтаун университетінің дипломатиялық қызмет мектебінің аспирантурасында халықаралық экономика бойынша білім алды.

Дүниежүзілік банктің президенті Халықаралық қайта құру және даму банкі және Халықаралық даму қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы. Ол сондай-ақ халықаралық қаржы корпорациясының директорлар кеңесінің, инвестициялық кепілдіктер жөніндегі көпжақты агенттіктің директорлар кеңесінің және инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың әкімшілік кеңесінің төрағасы болып табылады.

Похожие материалы