Экономика
"Қазақфильм" АҚ вице-президенті қызметінен кетті
Дидар Амантай "Қазақфильм" АҚ вице-президенті қызметінен кетті. Бұл туралы ол фейсбуктағы парақшасында
жазды.
"Мен "Қазақфильмнен" кеттім. Алты жыл жұмыс істедім. Бас редактор және соңғы айларда Вице-президент болдым. Тура қазақ киносының өрлеу және гүлденген жылдары" делінген оның жазбасында.
Ол сондай-ақ киностудия басшылығында болған жылдары үшін ұялмайтынын, Ермек Аманшаевтың киностудияны (киностудияның бұрынғы президенті-ред.) сауатты басқара алғанын, бұл үшін егер тірі болса Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықов, Абдолла Қарсақбаевтардың риза болып, оның қолын алар еді деген пікір білдірген.