Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергенге рақымшылық жасалмайды

Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергенге рақымшылық жасалмайды

Астана. 27 қазан. 7kun.kz – Бүгін ҚР парламенті қаңтар оқиғасына қатысқандарға қатысты «Рақымшылық туралы» Заңды қабылдады. Алайда оған Дикий Арман мен Қайрат Құдайберген ілінбейді. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, қазір 20 адамның іс-әрекеті тәртіпсіздіктерді ұйымдастыршы болып сараланған, олар рақымшылыққа ілікпейді.

«Қаңтар оқиғасында қылмыс жасағандардың басым бөлігі қатысушылар болып саналады. Олардың саны шамамен 700 адам. Олардың бәрі рақымшылыққа ілігеді, ал жаппайы тәртіпсіздік ұйымдастырған 20 адам рақымшылыққа ілінбейді», – деді ол.

Ал Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиев тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар қатарына кіргендіктен, оларға амнистия жасалмайтыны атап өтілді.

Похожие материалы