
Алматы. 6 қазан. 7kun.kz – «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«6 қазанда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 желтоқсанға дейін ұзартты», – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Бас прокуратура мәліметінше, Арман Жұмагелдиев Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі, 272-бап және 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша күдікті ретінде қамауға алынған.