
Астана. 6 қаңтар. 7kun.kz – «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында қамауға алынды.